16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты мәдени іс-шара өтті.
Кітапханашылар келген қонақтарды ұлттық киімдермен, ұлттық аспаптармен қарсы алып, «Әз-Наурыз» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды.
Қонақтарды мерейлі мерекемен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов құттықтап, батыр баба ұрпағы Болысбай Момбаев сөз алды.
Мәдени іс-шара барысында жазушы Ораз-Мұхаммед Исмаиловтың «Жалайыр Орақты батыр» кітабының тұсауы кесіліп, Қыдыр ата батасын беріп, «Шашбау тағу» дәстүрінен сахналық қойылым көрсетілді.
Сондай-ақ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралақ «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, Қоғам қайраткері, Алматы облысы, Кербұлақ, Балхаш аудандарының құрметті азаматы Тынышбай Досымбеков, Қоғам қайраткері, қ...
|